Название страницы
С.Естемесоватындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысы С.Естемесов атындағы орта мектебінде тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы, 15-қосымшасына сәйкес тәрбие мен білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру .Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «16» қыркүйектегі № 472 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін іскеасыру мақсатында жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттармен атқарылып жатыр. Биылғы оқу жылында 20 сынып комплектісі жұмыстарын атқарып келеді. Мектептің тәрбие беру жұмысының тақырыбы: Ұлттық құндылықтарға бағыт алған,рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпараттық, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған, зерттей білетін, қоғамда өз орнын анықтап, айналасындағылармен келісімде өмір сүре алуға, және жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелеу. Тәрбие жұмысының міндеттері: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. 3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. Күтілетін нәтиже: 1. Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым-қатынасты тәрбиелеу; 2. Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналардың, оқушылардың, сынып жетекшілерінің, тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтардың және психолог-педагогтардың бестік одақ жұмысын қарастыратын тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту. 3.Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау; 5. Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін-өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау Тәрбие жұмысының басым бағыттары Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; 2.Рухани-танымдық тәрбие; 3.Ұлттық тәрбие; 4.Отбасылық тәрбие; 5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; 7.Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; 8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу –тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар іске асырылуда. «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалысы», «Оқушылардың «Өзін-өзі басқаруы», «Отбасы- орта мектеп», «Құқықтық сана- қоғамға пана», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек- елдің мұраты», «Үнем-қоғам қуаты», «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет», Мектепке жыл басында 241 оқушы қабылданып, 20 сынып комплектісі жұмыс істейді, жетім бала - 0, мүгедек бала жоқ, ИДН тізімінде оқушы жоқ. Оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жұмысы жүргіліп мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалынды.Көп балалы отбасы бала саны-154, жетім отбасы саны - 0, аз қамтылған отбасы саны- 0. Жайсыз отбасы-0, өгей әкемен тұратын оқушы саны-0, өгей шешемен тұратын -0 екендігі анықталды.